#Ol- jas Елімізде үш тілді білудің маңызы. Латын графикасының ұтымды тұстары

1 Мамыр 2022, 10:04
2585
Бөлісу:
#Ol- jas Елімізде үш тілді білудің маңызы. Латын графикасының ұтымды тұстары
VIDEO
Фото: BAQ.KZ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. “Ol-jas” подкастының кезекті қонағы  Еуразия Ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультетінің түлегі, тіл маманы әрі фрилансер - Юлия Лагуткина.

Бірнеше тілді меңгерген полиглотпен қоғамдағы бірқатар өзекті мәселе ортаға салынды.

Олардың ішінде:

ҚХА-ның қоғамда алар орны қандай? Нақты қандай істер атқарады?

Жастар арасындағы жұмыссыздықтың себебі.

Еліміздегі мемлекеттік тілдің орны? Латын графикасына көшуге дайынбыз ба?

Мамандық таңдамас бұрын нені білу қажет?

Осы және т.б жастар ойында жүрген сұрақ талқыланды.

Ol – jas подкасты – еліміздің жастарының еркін пікір айтып, қоғамдағы өзекті мәселелерге көзқарасын білдіретін ой алаңы. 

Оқырманға ескерту: Жоба толықтай 360 градус камераға түсірілген, youtube-те өзіңізге ыңғайлы ракурста немесе арнайы көзілдірікпен көруіңізге болады.

Видео: Ерболат ЛАҚАЙ
Өзгелердің жаңалығы