Оқушылар арасында вирус жұқтыру көбейді – Есмағамбетова

30 Наурыз 2021, 19:00
12738
Бөлісу:
Оқушылар арасында вирус жұқтыру көбейді – Есмағамбетова

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы  ҚР ДСМ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да «ҚР-да  МСАК-тың рөлі мен дамытуды күшейту және COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы» брифинг барысында айтты. 

1 қаңтардан бастап 18 жасқа дейінгі  балалар арасында 12 862 жағдай тіркелді. Наурызда өсім 5 пайызға көбейгенін байқап отырмыз. Оқушылар арасында вирус жұқтыру көбейді.  Мұны болжауға болатын еді. Себебі 1 наурыздан бастап 5-11-сыныптарға дәстүрлі оқуға рұқсат берген едік, - деді Есмағамбетова. 

Оның айтуынша, өңірлік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметі денсаулық сақтау басқармаларымен бірлесіп, білім беру мекемелеріндегі санитарлық талаптарды реттеуді жүзеге асырып жатыр. 

Мұны мектептердегі балалар арасындағы байланыстың жиілегенімен байланыстыруға болады. Халықаралық зерттеу бойынша «британдық» штамм жастар арасында агрессивті болып келеді. Зерттеу анықтағандай, оған жастар көп шалдығады. Мұны қаперде ұстап, барлық алдын алу шарасын жүзеге асыру керек, - деді  ДСМ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Есмағамбетова.
Өзгелердің жаңалығы