Оқушылар арасында коронавирус жұқтырғандар көбейіп жатыр – Шоранов

28 Желтоқсан 2020, 14:23
1824
Бөлісу:
Оқушылар арасында коронавирус жұқтырғандар көбейіп жатыр – Шоранов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында айтты. 

Оқушылар арасында коронавирус жұқтырып, ауырып қалғандар көбейіп жатыр. Оқу жылының басынан бері 3 658 бала коронавирус инфекциясын жұқтырған жағдай тіркелді. Оның ішінде 994 оқушы кезекші сыныптарда оқыған, бұл дегеніңіз оффлайн режимде оқып жатқан оқушылардың жалпы санынан 0,1 пайыз. Ал қалған 2 664 бала қашықтан оқиды, - деді ол.

Шоранов пандемия білім жүйесіне жаңа қадам жасауға мәжбүр еткенін еске салды.

Жаңа оқу жылы өздеріңіз білетіндей, қашықтық форматында басталды. Екінші тоқсаннан бастап, 300-ге дейін оқушысы бар мектептерде  дәстүрлі оқу форматында оқуға рұқсат берілді. 1-5 сынып оқушыларына кезекші сыныптарда оқуға рұқсат етілді. Үшінші тоқсаннан бастап, түлектер (9, 11, 12-сыныптар) және екінші семестрден бастап ЖОО, колледждердің І курс студенттері штаттық режимде оқитын болады, - деді ол.

Еске салайық, соңғы мәліметтер бойынша елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 152 460-қа жетті. 139 843 науқас жазылды, 2 196 адам қайтыс болды.

Өзгелердің жаңалығы