Өкінішке қарай, археология оңай олжа мен көлденең кіріс көзі секілді қабылданып барады – министр

12 Мамыр 2022, 22:02
1076
Бөлісу:
Өкінішке қарай, археология оңай олжа мен көлденең кіріс көзі секілді қабылданып барады – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев  жетекші археологтарымен жиын өткізді.

Бүгін Ұлттық музейде еліміздің жетекші археологтарымен жиын өткіздім. Бұл салада жалпы, тарихи ескерткіштеріміз бен артефактілердің жойылып кетуіне қауіп төндіретін түйткілді мәселелер жетіп артылады, - деді министр.

Министрдің айтуынша, археология оңай олжа мен көлденең кірісті көздейтін кәсіп секілді қабылданып барады.

Атап айтқанда «қарақшы қазбашылардың» іс-әрекеті, ірі инфрақұрылымдық нысандар салынатын орындарға археологиялық барлаудың жасалмауы, қорғандар мен молаларды бей-берекет тонау, археологиялық экспедициялардың аз қаржыландырылуы, қайта қалыпқа келтіру жұмысындағы жүйесіздік сияқты қордаланған сұрақтар өте көп. Өкінішке қарай, бүгінде археология оңай олжа мен көлденең кірісті көздейтін кәсіп секілді қабылданып барады. Басқосуымыз негізінен осы сияқты жағдайлардың шешімін іздеу мақсатында өтті. Отырыс барысында көптеген конструктивті ұсыныс жасалды. Олардың барлығы келешекте жолға қойылуы керек. Ең бастысы, сала жұмысын ілгерілетуге алғашқы қадам жасалды, - деп жазды Абаев әлеуметтік желідегі парақшасында.

Өзгелердің жаңалығы