ҮЕҰ өкілдері іскерлік қазақ тілін меңгереді

21 Қараша 2019, 17:11
3391
Бөлісу:
ҮЕҰ өкілдері іскерлік қазақ тілін меңгереді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздің алты өңірінде үкіметтік емес ұйым өкілдері іскерлік қазақ тілін меңгерді. Бұл бастама республканың басқа облыстарында да жүзеге асырылады.

Бұл туралы Қазақстан Азаматтық альянсының вице-президенті Дос Көшім журналистермен өткен кездесуде айтты. 

Кездесуге қоғам қайраткері, саясаткер Расул Жұмалымен бірге "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" комерциялық емес АҚ-ның қолдауымен іске асырылған "Үкіметтік емес ұйымдар арасында мемлекеттік тілді ілгерілету бойынша іс-шараларды ұйымдастыру" жобасын әзірлеушілер мен негізгі жаттықтырушылар келді.  

Сарапшылар үкіметтік емес ұйым өкілдері арасында мемлекеттік тілді білу деңгейін бағалап, зерттеу жұмыстарын жүргізген. Олардың әрқайсысында оқыту семинарлары өткізілген. Оқыту нәтижелері ақпараттық бейнероликте көрсетіліп, спикерлер журналистердің сұрақтарына жауап берді. Қорытындылай келе, Дос Көшім мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі біршама көтерілгенін атап өтті.

Қазақстандық бірінші сынып оқушыларының 90 пайызы қазақ бөлімдеріне барды, бұл қоғам – тілді меңгеру қажеттілігін түсінетінін білдіреді - деді ол.
 Айта кету керек, Қазақстанның Азаматтық альянсы келесі жылы аталған жобаны еліміздің басқа өңірлерінде де іске асыруды жалғастыру үшін демеушілер тартуды жоспарлап отыр. Іскерлік қазақ тілін үйрену, сондай-ақ мемлекеттік тілде гранттық өтінімдер беру бойынша барлық әзірленген ақпараттық және әдістемелік материалдар Азаматтық Альянстың ресми сайтында орналастырылады.
Өзгелердің жаңалығы