Одан ұялудың еш қажеті жоқ: Министр мектептен кейін бірден оқуға түсе алмайтындар туралы айтты

25 Мамыр 2020, 13:35
1956
Бөлісу:
Одан ұялудың еш қажеті жоқ: Министр мектептен кейін бірден оқуға түсе алмайтындар туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектеп бітіргеннен кейін бірден университетке түсе алмайтын түлектер туралы айтты.

Мектеп бітіргеннен кейін бірден университетке түсе алмадым. Одан ұялудың еш қажеті жоқ. Менің алдымда екі таңдау болды. Біріншісі - ақылы түрде оқу, екіншісі - 1 жыл дайындалып, кейін ҰБТ-ға қайта тапсыру. Сол кезде 1 жыл дайындалып, тесті қайта тапсырамын деп шешім қабылдадым. 1 жыл уақытымды табанды дайындық пен жұмысқа арнап, нәтижесінде келесі жылы армандаған грантқа қол жеткізген болатынмын, - деді министр.
Ол сонымен қатар, Қиын кезде балаларына тіреу бола білген ата-аналардың да еңбегін ерекше атап өтті.
Сіздердің қолдауларыңыз, үйде отырып білім алуға жағдай жасауларыңыз қашықтан оқытуды ұйымдастыруға бізге мүмкіндік берді. Иә, әрине сын көп айтылды. Дегенмен, сідер түсіністік танытып, балаларымыздың болашағы үшін осы мәселені жеңіл қабылдадыңыздар. Сол үшін сіздерге алғыс айтамын. Оқушыларға деген ризашылығым шексіз. Олар жауапкершілікті ата-аналарымен теңдей бөлісіп, тәртіпті және алғыр бола білді. Енді міне, білімге деген құштарлықты жоғалтпай оқу жылын ойдағыдай аяқтап жатыр. Бұл шын мәнінде ересек адамдарға тән қасиет деп айтқым келеді,- деді Асхат Аймағамбетов.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, министр ұстаздарға алғысын айтып, 2020 жылғы мектеп бітірушілеріне, колледж бен университет түлектеріне сәт сапар тіледі.

Өзгелердің жаңалығы