Облыстық кәсіподақ ұйымы еріктілер қозғалысын дамытады

13 Ақпан 2020, 16:25
1669
Бөлісу:
Облыстық кәсіподақ ұйымы еріктілер қозғалысын дамытады
PHOTO
Фото: автордан

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінің кәсіподақ ұйымдары волонтёр жылы еріктілер қозғалысын дамытады. 

Павлодар облысының кәсіподақ орталығы Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орайластырылған "Бейітшілік үшін алғыс" қайырымды істер челленджін қолдап, соғыс жылдарын көрген азаматтардың үйлерінде болды.

"Келешек" жастар кеңесінің волонтёрлері учаскелік дәрігерлермен бірлесіп, еңбек ардагерлерінің үйлерінде қонақта болды. Жастардың қамқорлығына бөленгендердің қатарында сұрапыл соғыс жылдары туған "соғыс балалары" атанған қариялар да бар.

тер2.jpg

Шара аясында жас буын өкілдері өмірін металлургия саласына арнаған Владимир Чопахиннің үйінде болды. Сексеннің сеңгіріне жеткен қария облыстағы алюминий зауытының құрылысына атсалысып, электр жылу энергетикасы кәсіподақтары ұйымдарының белсенді мүшесі болған. Қарағанды политехникалық институтының түлегі, тәжірибелі металлург-инженер жастарға алғысын білдіріп, ақ батасын берді.

тер1.jpg

Еріктілер қарияның ауласындағы қарды тазалап, үйіндегі шамдарды энергия үнемдегіш құралдарға ауыстырып берді. Осында құрметке С. Торайғыров атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында 42 жыл еңбек еткен Назым Шәйкенова да ие болды. Алматы педагогикалық институтының түлегі бүгінде Мәшһүр Жүсіп орталық мешітінің кітапханасында жұмыс істейді.
"Бейбітшілік үшін алғыс" акциясы шеңберінде біз 40-тан астам қарияға қамқорлық көрсетпекпіз. Үй шаруасында көмектесеміз. Олардың ішінде жалғыз қалып қойған азаматтар да бар. Дәрігерлер де көмек қолын созады. Қан қысымын тексеріп, қажетінше кеңес береді, - дейді Гүлзира Атабаева. 

Айта кетейік, облыстық кәсіподақ ұйымдарының қатарында 137 мыңнан астам мүше бар. Бұл - облыстың әр үшінші тұрғыны деген сөз.



Өзгелердің жаңалығы