Бас жаңалықтар
Облыста аграрлық сала инвестициясы өсіп келеді – Бақауов
14 Қараша 2019, 12:34 394

Облыста аграрлық сала инвестициясы өсіп келеді – Бақауов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Соңғы 10 айдың қорытындысы бойынша инвестициялар ағыны өткен жылдың көрсеткішінен 2,4 есе асты.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингке қатысқан Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов мәлімдеді.
Мәселен, 2018 жылы агросекторға 19 млрд теңге инвестиция салынса, осы жылдың 10 айында бұл көрсеткіш 46,5 млрд теңгені құраған. Яғни, көрсеткіш 303,9 пайызға асып отыр. Осының нәтижесінде  бюджеттің 1 теңгесіне орташа есеппен алғанда жеке инвестициялардың 4 теңгесі тартылады. Қазіргі уақытта жалпы құны 25,5 млрд теңгеге тең 73 инвестициялық жоба бойынша жұмыс жүргізілуде. Оның ішіне 6 млрд теңге сомасына 33 нысан енгізілді, – деді өңір басшысы.
Оның сөзіне қарағанда облыста ауыл шаруашылығы саласы да айтарлықтай дамып келеді.
Тереңкөл ауданында 600 басқа арналған тауарлы-сүт фермасы іске қосылды. Жыл соңынан дейін 2320 басқа арналған 4 сүт фермасы қатарға қосылады. Тағы бір ірі инвестициялық жоба – Екібастұздағы қызанақтар өсірілетін жылыжай кешенін кеңейту. Жылыжай 31,5 гектар жерді алып жатыр. Оның 11,5 гектары осы жылы пайдалануға берілді. 2023 жылға дейін кәсіпорын алаңды 60 гектарға дейін кеңейтуді жоспарлап отыр. Осылайша, әйелдерге арналған 1000 жұмыс орны құрылады. Қазір мұнда 360 жұмыс орны бар, – деді Павлодар облысының әкімі.
 
Болат Бақауовтың айтуынша, бұл Екібастұз ГРЭС-1 жанында орналасқан үшінші жылыжай. Станция энергия жұмсайтын объектіні арзан электр энергиясымен және жылумен қамтамасыз етеді.

Екібастұз қызанақтары ішкі нарықта ғана емес, Ресей Федерациясының бірқатар өңірлерінде үлкен сұранысқа ие.

Бұған дейін өңір басшысы  Павлодар экономикасының 6,2 пайызға өскенін айтқан болатын.


Фото: автордан
Загрузка...