Бас жаңалықтар
Түркістан облысында терроризмді насихаттады деген күдіктілер ұсталды
15 Ақпан 2019, 09:43 593

Түркістан облысында терроризмді насихаттады деген күдіктілер ұсталды

Астана, BAQ.KZ. Ұлттық қауіпсіздік комитеті ішкі істер органдарының қатысуымен жүргізген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Түркістан облысының төрт тұрғыны ұсталды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.

"Олар терроризмді насихаттады және діни алауыздықты қоздырды деген күдікке ілінді. Олардың тұрғылықты жерлері бойынша деструктивті бағыттағы  қолжазбалар мен электрондық нұсқадағы діни әдебиеттер алынды" - делінген хабарламада.  

Қазіргі кезде тергеу жалғасуда.

Сізден жаңалық