Облыс әкімі шахтерлермен кездесті

19 Қазан 2019, 14:32
2917
Бөлісу:
Облыс әкімі шахтерлермен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек "Шахтинская" шахтасында болып, шахтерлермен кездесті. Бұл туралы өңір басшысы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

72653745_132306551505844_8449973599372050432_n.jpg

"Шахтинская" шахтасында болып қайттым. Горизонтқа түсіп, шахтерлермен кездесіп, жер астындағы еңбек жағдайымен таныстым. Шахтерлер Шахтинскідегі және жақын жатқан кенттердегі өмірді жақсарту жөніндегі жоспарлар туралы сұрады. Жер асты кәсібіндегі адамдар үшін маңызды санлатын зейнеткерлікке шығу мәселесі талқыланды. Шынайы қайрат пен батылдықты қажет ететін шахтерлердің еңбегімен танысу, олардың кәсіптерін одан сайын құрметтеуге, бағалауға үндейді" - деп жазды әкім.
Өзгелердің жаңалығы