Облыс әкімі көктемгі егіс жұмыстары аяқталған алқаптарды аралады

29 Мамыр 2020, 09:29
1251
Бөлісу:
Облыс әкімі көктемгі егіс жұмыстары аяқталған алқаптарды аралады
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Нұра ауданының көктемгі дала жұмыстары аяқталған егіс алқаптарында болып, фермерлермен кездесті.

Ауданның 736 шаруашылығының бірі "Қайнар" ЖШС. Мұнда көп жылдан бері астық пен асыл тұқымды мал өсірілуде. Басқа да көптеген тауар өндіруші сияқты, бұл шаруашылық та облыстың тұрақтандыру қорына үлкен үлес қосып келеді. Бұл өз кезегінде әлеуметтік өнімдер болып табылатын ұн, нан және макарон өнімдерінің бағасын ұстап тұруға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік қолдаудың арқасында шаруашылықтар қарқынды дамып келеді. Тек өткен жылы ғана фермерлердің жеңілдетілген несиелері мен субсидияларына 21 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Биылғы жылы көктемгі егіс жұмыстарының алдында ҚазАгро тұқым мен тыңайтқыш сатып алу үшін 88 жоба бойынша несие берді. Жерді ұтымды пайдалану үшін 606 мың га егістік пен жайылымдар айналымға тартылып, 260 мың га-дан астам пайдаланылмаған жерлер мемлекетке қайтарылды, - деп жазды Жеңіс Қасымбек  facebook-тегі парақшасында. 
"Сарыарқа" ӘКК қолдауымен ірі сүт-тауарлық фермалары құрылып, "Найдоровское" ШҚ жарма цехы және басқа да көптеген жобалар салынуда.


Өзгелердің жаңалығы