Бірнеше облыста дабылды ескерту жарияланды

20 Ақпан 2019, 15:41
1595
Бөлісу:
Бірнеше облыста дабылды ескерту жарияланды

Астана, BAQ.KZ. Қазгидромет 21 ақпан күні еліміздің бірнеше облысында ауа райына байланысты дабылды ескерту жариялады.

Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, батыс, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Қостанай қаласында 21 ақпанда жаяу бұрқасын, батыс, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі.

21 ақпан күні күндіз Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, кей жерлерде екпіні 25 м/с күтіледі. Петропавл қаласында 21 ақпанда оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі.

21 ақпанда Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі. Кей жерлерде оңтүстік-батыстан cоғатын желдің күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с жетеді.

21 ақпанда Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, батыстан, солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі.

21 ақпанда Маңғыстау облысының кей жерлерінде оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі.

Ақтау қаласында 21 ақпанда оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі.

Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.

Өзгелердің жаңалығы