Облыс бюджетінен дәрі-дәрмекке 500 млн теңге бөлдік - Шөкеев

9 Шілде 2020, 17:51
2327
Бөлісу:
Облыс бюджетінен дәрі-дәрмекке 500 млн теңге бөлдік - Шөкеев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Облыс бюджетінен дәрі-дәрмекке 500 млн теңге бөлдік. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн баспасөз конференциясында айтты. 

Облыс бюджетінен дәрі-дәрмекке 500 млн теңге бөлдік. Өзбекстан үкіметімен байланысып, арнайы тізбемен дәріні әкелуге келістік. Бүгін облысқа 2 фургон дәрі келді. Денсаулық сақтау министрлігінің ықпалымен Түркиямен келісіп, ол жақтан антибиотиктерді жеткізу мәселесі қаралып жатыр. 2 айлық керекті дәрі апта ішінде облысқа жеткізіледі, - деді Шөкеев. 
Облыс әкімі атап өткендей, дәріханаларда аталған дәрі-дәрмектер қымбат бағаға сатылмауы керек. 
Шекті бағамен сатып, бір қолға сатылатын дәріні анықтау керек. Тұрғындар "алдағы 1-2 айға" деп, дәрі-дәрмек қорабын шамадан көп сатып алып жатыр. Бұл мәселелерді реттеп жатырмыз. Дәрі-дәрмекті тек Түркістан облысына ғана емес, өзге өңірлерге де жеткізуді жоспарлап отырмыз. 1-2 күнде шешілетін мәселе, - деді ол. 
Шөкеев өңірде 178 ӨЖА аппараты бар екенін айтты. 
Қазір оның 45-і пайдаланып жатыр. ӨЖА аппаратын науқастар ауыр жағдайда болса ғана қолданылады. Қазір облыста ол бойынша резерв бар. Аппарат жеткілікті, - деді ол.
Естеріңізге сала кетейік,  Түркістан облысында коронавирус індетінен 11 адам, пневмониядан 46 адам көз жұмған. Сондай-ақ, Шөкеев індетпен күресіп жатқан дәрігерлер туралы айтқан еді.
Өзгелердің жаңалығы