Облыс әкімі Батырхан Шүкеновтің анасын қабылдады

18 Мамыр 2020, 23:45
1941
Бөлісу:
Облыс әкімі Батырхан Шүкеновтің анасын қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова белгілі әнші-композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Батырхан Шөкеновтің анасы Шөкенова Диляра Ибрагимқызын қабылдады. 

Көзі тірі болғанда халықтың сүйікті әншісі бүгін 58 жасқа толар еді. Кездесуде әншінің анасы облыс әкіміне Батырхан туралы жарық көрген кітапты және әндер жинағын тарту етті.

Бүгін Батырхан Шөкеновтің туған күніне орай облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бастамасымен және үйлестіруімен бірқатар мәдение шаралар ұйымдастырылды. 

Сондай-ақ, жергілікті "Qyzylorda" телеарнасында тікелей эфир арқылы "Жаңа күн" бағдарламасынан арнайы сюжет көрсетілді, кешкі эфир мезгілінде көрермендер "Сағым дүние" концерті мен бүгінгі ұйымдастырылған флешмобты тамашалады.

Сонымен бірге, "СЫР ШАҢЫРАҒЫ" Youtube каналы мен әлеуметтік желілерде "Әуен-саздың шебері" тақырыбында бейне таныстырылым көрсетіліп, "Сыр самалы" вокалды - аспапты ансамблі мен эстрада әншілерінің "Мәңгі іздеймін" атты онлайн концерті өтуде.

Мұнан бөлек, бүгін әрбір ниет білдіруші белгілі әншінің құрметіне ұйымдастырылған "Батырдың әндерін бірге шырқайық" атты флешмобқа қатысуға мүмкіндік алды. "Хабар"телеарнасының эфирінде Батырдың репертуарынан "Отан ана", "Джулия" және "Қайран көңіл-ай" атты үш әні шырқалды. Бұл әндерді жанкүйелер де бірге теледидар алдында орындап, оны бейнеге жазып, телеарнаның электронды поштасына жолдау арқылы шараға атсалысты.

"Хабар" телеарнасының тікелей эфиріне Нұр-Сұлтан, Алматы және Қызылорда қалаларының әншілері қосылды. Жергілікті өнерпаздар Б.Шөкенов атындағы саябақтан қосылып, әншінің танымал әндерін орындады.

Өзгелердің жаңалығы