Қоңыр әулие үңгірінің маңын абаттандыруға 25 млн теңге бөлінді

19 Маусым 2019, 14:32
3448
Бөлісу:
Қоңыр әулие үңгірінің маңын абаттандыруға 25 млн теңге бөлінді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысындағы Қоңыр әулие үңгірінің маңыне абаттандыруға 25 млн теңге бөлінді. Бұл туралы altaynews.kz хабарлады. 

Облыстық туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Марат Қабақовтың айтуынша,  ШҚО-дағы Қоңыр әулие үңгірінің жанынан қонақүй ашылады. Киелі орынды абаттандыруға 25 миллион теңге бөлініп отыр.

"Қазір ол жерде инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Инвестор тәулігіне 25 адамды орналастыруға болатын қонақүй салмақшы", - деді басқарма басшысы.

Сондай-ақ, киелі орынға апаратын Семей-Қарауыл тас жолын жөндеуге 2,2 миллиард теңге бөлінді. Одан бөлек, үңгірдегі табиғи резервуардағы судың құрамына бальнеологиялық қорытынды жасалатын болды. 


Өзгелердің жаңалығы