Оқушылар арасында әл-Фараби туралы үздік эссе байқауы өткізіледі

17 Қыркүйек 2020, 14:29
3045
Бөлісу:
Оқушылар арасында әл-Фараби туралы үздік эссе байқауы өткізіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оқушылар мен студенттер арасында әл-Фараби туралы үздік эссе байқауы өтеді. Шығармалар мемлекеттік және орыс тілдерінде қабылданады, деп хабарлады әкімдіктің ресми сайты. 

Нұр-Сұлтан қаласының дін істері мәселелерін зерттеу орталығы «Қайырымды қала тұрғындары» тақырыбында үздік эссе байқауының басталғанын жариялады. Шара ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы қарсаңында өткізілуде.

Байқауға елордалық мектеп оқушылары (8-11 сыныптар) және жоғары оқу орындары мен колледж студенттері қатыса алады. Қатысу тегін және ерікті түрде. Жұмыстар мемлекеттік және орыс тілдерінде қабылданады. Мектеп оқушылары үшін эссе көлемі кемінде 2 бет, ал жоғары оқу орындары мен колледж студенттері үшін А4 форматында кем дегенде 3 бет.

Қатысушылар жұмыстарын өздері таңдаған тақырып бойынша ұсына алады. Мысалы, «Әл-Фарабидің өмірбаяны», «Ұлы ойшылдың рухани мұрасы», «Әл-Фарабидің ғылыми және шығармашылық жұмыстары», «Әл-Фарабидің әлемдік ғылымға қосқан үлесі», «Әл-Фараби идеяларының қазіргі қоғам үшін өзектілігі». Жұмыстар 17-27 қыркүйек аралығында қабылданады, - делінген хабарламада.

Жұмыстарды бағалау және жүлделі орындарды анықтау 27-29 қыркүйек аралығында, жеңімпаздарды марапаттау және сыйлықтарды ұсыну 29-30 қыркүйек аралығында өтеді деп күтілуде.

Бірінші орынға сыйлық - ноутбук, екінші орынға - планшет, үшінші орынға - смартфон беріледі .


Өзгелердің жаңалығы