Бас жаңалықтар
Оқу орталығының басшысы бірқатар алаяқтық жасаған
19 Қыркүйек 2020, 10:25 6101

Оқу орталығының басшысы бірқатар алаяқтық жасаған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда оқу орталығының басшысы бірқатар алаяқтық жасаған,  деп хабарлайды Polisia.kz.

Алмалы аудандық Полиция басқармасының тергеу бөлімі алаяқтық бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Жеке оқу орталықтарының бірінің басшысы жасаған. 

Күдікті 1980 жылы туылған Б. азаматтың алаяқтықпен айналысқанына бір жылдан асқандығы анықталды. Студенттерді шетелге жіберу үшін оқу орталығын ашып, алдау және сенімге қиянат жасау арқылы ол шетелде оқығысы келетін талапкерлердің ата-аналарының қаражатын иемденді. Әйел ғаламторға шетелдік білім беру мекемелерінде оқытуды ұйымдастырудағы қызметтер туралы жарнамалар орналастырды. Алаяқтықтың тізбегі келесідей болып шықты: жаңа қатысушылардың ата-аналарына шетелдік жоғары оқу орындарына түскендігі туралы мүлдем жоқ құжаттар берілді. Кейіннен клиенттер сертификаттың шын екендігіне күмәнданбай, күдіктінің есепшотына шұғыл түрде үлкен ақша аударды (оқу ақысы). Әрбір қылмыстық әрекеттен келтірілген материалдық шығын екі миллион теңге және одан жоғары. Қазіргі уақытта біздің бөлімге жеті адам жүгінді, – деді Алмалы аудандық Полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.

Қазіргі уақытта Б. есімді азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы бойынша сот тергеуі жүргізілуде. Полиция ұсталған адамның қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккен адамдарды келесі нөмірлерге хабарласуға шақырады: 8-708-707-92-02; 8-702-333-42-64; 8-705-711-13-71.


Фото: дереккөз
Загрузка...