Бас жаңалықтар
Оқу мен жұмысқа арналған ​​5 онлайн-платформа
26 Наурыз 2020, 08:45 108

Оқу мен жұмысқа арналған ​​5 онлайн-платформа

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлемде тарап жатқан індетке байланысты қазір барлық оқу орындары қашықтан оқу режиміне ауысты. Сонымен қатар көптеген адам үйден жұмыс істей бастады. Соған байланысты Massaget.com оқу мен жұмыс барысында қарым-қатынас орнатуға ыңғайлы 5 онлайн-платформаны ұсынады.

1. Zoo
Онлайн-мәжіліс өткізуге арналған платформа. Бұл сервисте 40 минутқа дейін жазба жұмысын жүргізуге болады. Видеолардың санына шектеу жоқ. Тіркелгеннен кейін өзге қатысушыларды бір топқа қосу үшін шақырту жіберу керек.
2. Microsoft Teams
Сөйлесуге негізделген сервис. Платформада топтық электронды пошта, күнтізбе, құжаттар мен өзге де элементтерді өңдеу мүмкіндігі бар. 
3. Google Classroom
Дәріс өткізуге арналған танымал платфома. Бұл үшін тек Googlе сервисіне тіркелу қажет. Платформада қажет құжат, тапсырманы бөлісіп, дайын жұмыстарды жинап, оларды бақылауға болады.
4. Google Hangouts
Хабарламалар алмасуға арналған платформа. Бұл жерде SMS-жазбалар және видео түсірілімдермен бөлісуге болады. Hangouts екіден жүз адамға дейінгі топ құруға мүмкіндік береді. Android пен iOS жүйелеріне арналған мобильді нұсқасы бар.
5. ClickMeeting
Онлайн-мәжіліс пен вебинар өткізуге арналған сервис. Жеке парақша құрып, сол арқылы топтық жұмысқа қосылуға болады. Бір топқа тек 4 адам қосыла алады. Аудио, видеоқұжаттарды барлық қатысушы еш қиындықсыз жүктей алады.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...