Оңтүстік Кореяда коронавирустан алғашқы өлім тіркелді

20 Ақпан 2020, 21:02
1502
Бөлісу:
Оңтүстік Кореяда коронавирустан алғашқы өлім тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Корея Республикасының дәрігерлері коронавирустан көз жұмған пациенттің бар екенін растады. 

Бұдан бөлек бұрын ауырмаған 50-ден астам адам жұқтырған. Бұл туралы 20 ақпанда Yonhap агенттігі хабарлады.

Пациенттің өлімі туралы Корея Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы Бақылау және аурулардың алдын алу орталығының мамандары мәлімдеді. 

Сонымен қатар, елде 53 адам коронавирусты жаңадан жұқтырған факт тіркелген. Осылайша коронавируспен ауырып жатқан адамдардың саны 104-ке жетті. 

Жұқтырғандардың көпшілігі оңтүстік-шығыстағы Тэгу қаласында тіркелген. Қала мэрі вирустың тарап кетпеуі үшін 2,5 миллион адамды көшеге шықпауға шақырды.
Өзгелердің жаңалығы