Оңтүстік Кореяда Денис Тенді еске алу көрмесі ашылды

8 Қараша 2019, 16:00
2277
Бөлісу:
Оңтүстік Кореяда Денис Тенді еске алу көрмесі ашылды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Онда мәнерлеп сырғанаушының сирек фотосуреттері мен жеке заттары қойылды, деп хабарлады Хабар 24. 

Сондай-ақ, жұрт назарына спортшының шығармашылық туындылары ұсынылды. Денис Теннің әндері қазақстандық мәнерлеп сырғанаушының көп қырлы талант екенін еске салады. 

photo5344001878704368613.jpg

Ол спортшы, фотограф, ақын, музыкант әрі бауырмал. Денис Тен Қазақстан мен оңтүстіккореялықтар үшін осындай қырларымен есте қалды. 

Мен Денисті бала кезінен білемін. Оның мұз үстіндегі алғашқы қадамдарын көрдім. Ол Алматыда кішкентай балаларға сабақ бергенде "мына жігіт мәнерлеп сырғанау жұлдызына айналады" деп ойладым, - дейді тілші Ким Сан Ук. 

Бүгінде ел Денисті дипломат деп атайды. Қазақстан мен Корея арасындағы жоғары денгейдегі келіссөздерде әркез Теннің есімі аталады. 

Спорт арқылы, өзінің спорттық жетістіктері арқылы ол Қазақстанды әлемнің басқа елдерімен, оның ішінде, әсіресе Корея Республикасымен біріктірді, - деді Қазақстанның Корея республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Бақыт Дүйсенбаев. 

Денистің құрметіне арналған көрмеге Оңтүстік Кореяның ең әйгілі мәнерлеп сырғанаушылары келді. 

Ол мәнерлеп сырғанаудың батыры. Ол Қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстанның атын шығаруды мақсат тұтты. Біз мұндай бірегей спортшыны ешқашан ұмытпаймыз, - деді  2010 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы Ким Ён А.
photo5344058817085811712.jpg

Дениспен алғаш рет мені мұзды шоуға шақырған кезде кездестім. Денис айналасындағылардың бәріне қамқор болған жан. Оны есіме алсам, қимастық сезім билейді, - деді Азия ойындарының чемпионы Чой Да Бин. 

Мәнерлеп сырғанаушының еселі еңбегін анасы ұмыттырмақ емес. Денис Тен қоры бір жыл ішінде оның өлеңдер жинағын шығарып, еске алу турнирін өткізді.  

photo5344058817085811713.jpg

Қазақстанда мәнерлеп сырғанауды дамыту бойынша көптеген жұмыс атқарылуда. Яғни, біз балалардың жаттығу процесіне көмектесіп жақсы жаттықтырушыларға жібереміз, - деді Денис Теннің анасы Оксана Тен.

Дипломаттар Денис Теннің есімі ондаған жылдар бойы Қазақстан – Корея қатынастарын нығайтуына әсер етеді деп сенеді. 

Өзгелердің жаңалығы