Оңтүстік Кореяда автоматтандырылған кинотеатрлар ашылды

16 Мамыр 2020, 17:56
1203
Бөлісу:
Оңтүстік Кореяда автоматтандырылған кинотеатрлар ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оңтүстік Кореяда кинотеатр иелері көрермен өзін қауіпсіз сезінуі және COVID-19 вирусын жұқтырып алудан қорықпауы үшін автоматтандырылған жүйе бойынша жұмыс істейтін болды.

Variety басылымы хабарлауынша, бұл жүйе бүкіл әлемде алғаш рет қолға алынған, деп жазады Massaget.kz. 

Мысалы, Ёыйдо аралындағы CJ-CGV кинотеатрлар желісінің залдарында қызметкерлерді роботтар алмастырды және билеттерді сатып алу және сканерлеуге арналған автоматты кассалар орнатылды.

Сонымен қатар көрермендерге басқа адамдармен байланыссыз-ақ арнайы мобильді қосымша арқала тамақ пен сусындарға тапсырыс беруге мүмкіндік жасалған. 

Осыған ұқсас жүйе Lotte Cinema желісіне тиесілі 130 кинотеатрдың 22-сіне енгізілген. Келушілер билеттерді брондауға, айырбастауға, алуға және тағамдарға тапсырыс беру үшін AI киосктерді пайдалана алады.

Өзгелердің жаңалығы