Оңтүстік Корея Солтүстік Кореяны коронавируспен бірігіп күресуге шақырды

30 Шілде 2020, 20:19
1785
Бөлісу:
Оңтүстік Корея Солтүстік Кореяны коронавируспен бірігіп күресуге шақырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оңтүстік және Солтүстік Кореяның бірлестік министрі Ли Ин Ен Сеул Пхеньянмен коронавирус инфекциясына қарсы бірігіп күресу үшін ынтымақтасуға дайын екенін айтты. Бұл туралы "Енхап" агенттігі хабарлады.

Атап айтқанда, оңтүстіккореялық саясаткер елдер арасындағы шекарада орналасқан Кэсон қаласында инфекцияның пайда болуына алаңдаушылық білдірді. 
Мен Солтүстік Корея халқының денсаулығына алаңдаймын. Халықтың денсаулығы күрт нашарлап кетуі мүмкін, соның салдарынан адамдарға өмір сүру қиынға соғады, - деді министр.

Ли Ин Ен Сеул мен Пхеньян тек Кэсонда ғана емес, Солтүстік Кореяның кез  келген нүктесінде кез келген жағдайда ынтымақтасуы керек деп санайды. Ол елдерге COVID-19 індетімен күресу үшін бірігуді ұсынды.

26 шілдеде Солтүстік Корея билігі елде коронавирус инфекциясының алғашқы жағдайы туралы хабарлаған еді. Бойында COVID-19 инфекциясы бар болуы мүмкін деген адам Оңтүстік Кореядан елге заңсыз келіп, Кэсон қаласында болған. Науқас қатаң карантинге жатқызылды, онымен байланыста болған адамдар тобы анықталды.
Өзгелердің жаңалығы