Бас жаңалықтар
Оңтүстік Корея 90 елдің азаматтарына визасыз кіру режимін тоқтатады
09 Сәуiр 2020, 19:00 200

Оңтүстік Корея 90 елдің азаматтарына визасыз кіру режимін тоқтатады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оңтүстік Корея 13 сәуірден бастап 90 елдің азаматтарына визасыз кіру режимін тоқтатады, деп хабарлайды Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы. 

Сондай-ақ пандемияға байланысты Испания мемлекеті елде жарияланған төтенше жағдай режимін 26 сәуірге дейін ұзартуды шешкен. Осы елдің премьер-министрі Испания COVID-19 вирусын жұқтырудың ең жоғары шегіне жеткенін және енді елде індетке шалдығу азая бастайтынын атап өтті.

Қазір 1918 жылғы тұмаудан кейін, ғаламшарда қоғам денсаулығына зиянын тигізетін жағдай орын алғанын білесіздер. Егер вирусқа қарсы күресте ынтымақ болмаса, Еуропалық одаққа қауіп төніп тұр, – деп мәлімдеді Испания премьер-министрі.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...