Оңдасын Оразалин өңірдегі аудандарды аралады

24 Мамыр 2020, 20:04
1484
Бөлісу:
Оңдасын Оразалин өңірдегі аудандарды аралады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысының әкімі Мәртөк ауданы Саржансай ауылындағы құрама-жем зауытында болды.

Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз хатшысы Ғани Жапишов хабарлады.

Еліміз бойынша жалғыз әрі бірегей "Милкер" ЖШС мал азығын дайындау зауытының құрылысы 2020 жылы толық аяқталды. Қазіргі таңда іске қосу –жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жылына 12 000 тонна жем өндіруге қауқарлы. Зауыт іске қосылса облыста мал шаруашылығын кәсіп еткендер жем шөптен таршылық көрмейді. Сондай-ақ, дайын өнім шетелге экспортталады. Кәсіпорын одан өзге 1610 га, жерге жоңышқа, 150 га жерге жүгері еккен.

Облыс әкімі   ауылда жаңадан бой көтеріп жатқан  шағын ауданның инфрақұрылым жұмыстарымен танысты. Қазір мұнда ауылішілік газ құбырларын жүргізу, электр желілері салынуда. Электр желісін жүргізуге 479,6 млн.теңге, газ құбырларын салуға 161 млн.теңге қаралған. Аталған жобаларды жүзеге асыруда жергілікті 60 қа жуық азамат жұмысқа тартылған. Инфроқұрылым 2020 жылдың тамыз, қыркүйек айында аяқталады. Оңдасын Оразалин "РадАгро" ЖШС, "Есбол" шаруа қожалығының жұмыстарын көрді.

Жем-шөп өсіру, мал шаруашылығы сияқты бірнеше бағытта жұмыс жасайтын "РадАгро" ЖШС ауылшаруашылық базасының жер көлемі 8800 га, 3200 га егістік. Суармалы жер 860 га құрайды. 500 га жүгері және 360 га жоңышқа отырғызылған. "Жем –шөп дақылдарының суармалы учаскесі" инвестициялық жобасының жалпы құны 1,9 млрд.теңге.

Нәтижесінде 19мың тонна сүрлем және 2300 тонна жоңышқа жем –шөп алу жоспарда. "Есбол" ЖШС мал шаруашылығы және сүт өндірісімен айналысады. Кәсіпорында күніне сауылған 2 тонна сүт Ақтөбе қаласындағы тұтынушыларға жеткізіледі. Қожалықтың жалпы жер көлемі 3311 га. Шаруа қожалықта 516 ірі қара, оның ішінде 181 бас аналық сиыр, 46 бас жылқы бар.Кәсіпкер жұмысын одан әрі ұлғайтуды көздейді. Осы тұста өңір басшысы аудандағы сүтті және етті бағыттағы ірі қара мал өсіру жұмыстарының әуселесін қарады. Жоспарларымен танысты.

Облыста ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін кем дегенде 2,5 есеге дейін көтеру мақсаты алға қойылып отыр. Бұл үшін 2025 жылға дейінгі облыстың агроөнеркәсіптік кешенін дамыту бағдарламасы қабылданды. Бағдарлама аясында құны 200 миллиард теңгені құрайтын 200 жобаны жүзеге асыру көзделген, осы бағыттағы жұмыстарды жандандыру қажет, - деді өңір басшысы.

Құрмансай ауылдық округіне ат басын бұрған облыс әкімі егін және мал шаруашылығын қолға алған "Сұлтан" ЖШС болды. Қожалықта 1000 басқа арналған бордақылау алаңының құрылысы жүргізілуде. «Сыбаға» бағдарламасы арқылы 70 млн.тг Ресейден 85 бас асыл тұқымды ірі қара малдарын сатып алған. 350 бас ірі қара мал, 300 аналық сиыр, 35 бас жылқы, 120 бас қойы бар.

Өңір басшысы "Экспоинженеринг" ЖШС ильменит концентраты (негізгі өнім), рутил-цирконий өндіретін кәсіпорынның жұмысымен танысты.

Өткен жылы өнім көлемі 106 мың 500 тоннаны құрады.

Кентас өңдеу тәжірибелек құнарландыру қондырғасының жылдық қуаттылығы 120 000 тонна.Өнім Ресей, Қытай елдеріне экспортталады. Мекемеде жергілікті 60 азамат жұмыс жасайды.

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин Қарғалы ауданындағы бірқатар ауылшаруашылық нысандарын аралады. "Әлем" шаруа қожалығының бау-бақша алқабын, бал ара өндіруші "Медовик" шаруа қожалығы, "Интер Агро» ЖШС егістік алқабының және көкөніс егумен айналысатын, "Айшуақ" аралас бағыттағы ШҚ, "Дилэнд" егіс алқабының жұмыстарын қарады. "Әлем" ЖШС биыл 40 га алқапқа картоп отырғызуды жоспарлап отыр. Өткен жылы 80 га егілген бидайдан 720 тонна бидай, 46 га отырғызылған көкөністен 1200 тоннаға жуық көкөніс жинаған.

"Медовик" ШҚ 2017 жылы Ақтөбе облысының ара өсіру шаруашылығымен айналысатын шаруалармен бірігіп "Ақтөбе омарташылары" ауыл шаруашылығы кооперативін құрған.

Кооперативке 23 азамат тіркелген. 642 ара ұясы бар. Өткен жылы 3,5 тоннадан астам бал өнімін жинаған. Табиғи таза өнім Ақтөбе өңірінде сұранысқа ие.

"Интер Агро" ЖШС 2019 жылы 3800 га дәнді дақылдар егіп, шығымдылығы 8,8 ц/га 3334 тонна өнім жинады. Серіктестік биыл 4 389 га алқапта егін жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр. 2326 га бидай, 1955 га күнбағыс, 108 га мақсары егіледі. "Айшуақ" ЖШС ауыл шаруашылық жерінің көлемі 1040 га. 2019 жылы "Сыбаға" бағдарламасы бойынша 800 бас ұсақ мал сатып алды. Одан бөлек шаруашылықта 40 бас жылқы мен 200 басқа жуық шошқа малы бағылуда. Сондай-ақ, көкөніс пен аскөк өсіруге арналған жалпы алаңы 1 га болатын жылыжайды іске қосқан.

"Дилэнд" ЖШС "Қарапайым заттар экономикасы" аясында 420 млн.теңгеге ауыл шаруашылығы техникасын сатып алған. Биылғы маусымда 15 800 га бидай,   4 100 га арпа, 200 га тары,1 000 га зығыр, күнбағыс 500 га еккен. Шаруашылықта 96 адам жұмыс жасайды

Өңір басшысы Қосестек ауылында Ш.Балниязов, Д.Шампиев, Бірлік және Абай көшелерінің жолдарына жүргізіліп жатқан орташа жөндеу жұмыстарын, 100 орынға арналған "Балауса" балабақшасының күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. 1992 жылы салынған ғимараттың күрделі жөндеуі жұмыспен қамту жол картасы аясында бөлінген 66,5 млн тг жүзеге асырылып жатыр.

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин Мәртөк, Қарғалы аудандарының әкімдеріне жұмыс орындарын ашуға басымдық беруді, іске асырылып жатқан жұмыстарды уақытылы әрі сапалы аяқталуын қадағалауды тапсырды.

Өзгелердің жаңалығы