Оқушылар ескерткіштермен арнайы көзілдірік арқылы танысады

17 Мамыр 2019, 14:28
3019
Бөлісу:
Оқушылар ескерткіштермен арнайы көзілдірік арқылы танысады
PHOTO
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордадағы Оқушылар сарайында «Менің елім» ақпараттық-виртуалды орталығының ашылу салтанаты өтті.

Жоба Елбасының «Мәңгілік ел» идеясы мен «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында жүзеге асырылып отыр. Ақпараттық-виртуалды орталық бірнеше бөлімнен тұрады.

«Мұнда бірнеше бөлімдер бар. Олар «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры», «Қасиетті Қазақстан», «Менің мамандығым», «Мәңгілік ел» және «Адал әлем» бөлімдері. Орталықтың еркешелігі ақпарат виртауалды түрде беріледі. Яғни виртуалды көзілдіріктер мен арнайы смтартфондар бар. Оқушылар бейнематериал көре отырып, Ұлы даланың жеті қырымен қазіргі заманға технолгияларды пайдалана отырып, көріп таныса алады. Бүгінгі гид да біздің оқушылар. Мұндағы басты экспонат виртуалды көзілдірік пен кітаптар. «Мәңгілік ел» бөлімінде балалар кітаптармен танысып, еркін отырып оқи алады. Сондай-ақ, орталықта әр-түрлі танымдық сабақтар, рухани бағыттағы кездесулер өткіземіз», - дейді «Менің елім» ақпараттық-виртуалды орталықтың жетекшісі Жұлдызай Ысқақ.

Оқушылар ескерткіштермен арнайы көзілдірік арқылы танысады

Қалалық Білім басқармасының басшысы орталық балалармен қатар, қала қонақтарына да қызықты болатынын айтты.

Оқушылар ескерткіштермен арнайы көзілдірік арқылы танысады

«Енді оқушылар сарайына келетін балалар, шығармашылығын жетілдіріп қана қоймай заманауи технология арқылы, еліміздің тарихы, географиясымен де таныса алды. Бұл орталықта балалар көп мағлұмат алады. Біздің балаларымызға қызықты тілмен еліміздің тарихы туралы жеңіл, әрі түсінікті түрде ақпарат беріледі. Одан бөлек Нұр-Сұлтанға келетін көптеген шетелдік қонақтар да, осында келіп еліміздің тарихы туралы көп мағлұматпен танысу мүмкіндігіне ие болады», - деді Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозин.

Оқушылар ескерткіштермен арнайы көзілдірік арқылы танысады

Ұстаздардың пікірінше, балаларға жаңа технологиялар көмегімен тарихымызды оқытып, түсіндіру әдісі өте пайдалы, әрі тиімді болады. Өйткені балалар бейнені көріп, ести отырып, мағлұматты есіне тез сақтап қалады.

Оқушылар ескерткіштермен арнайы көзілдірік арқылы танысады

«Менің елім» виртуалды орталығынада Қазақстанның ұлттық құндылықтарына байланысты, кейінгі кезде мемлекеттік саясат деңгейіне көтеріп жүрген барлық салалар қамтылған. Бұл жерде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының шеңберіндегі стартегиялық шешімдер мен «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының барлық бөлімдері бар. «Қасиетті Қазақстан» бағдарламасына енгізілген барлық киелі жерлердің қысқаша бейне жазбалары балалар мен келушілерге өте көп мағлұмат беретін тиімді бөлім болады деп ойлаймын. Мұнда сондай-ақ, «Абай әлемі» де назардан тыс қалмаған. Қазақтың әр-бір баласы Абай әлемінен сусындап барып, барлық ұлттық құндылықтарымызды бойына сіңіре алады. Сондықтан да бұл бөлімнің маңызы зор. Баларға жаңа технологиялар көмегімен тарихымзды оқытып, түсіндіру әдісі өте пайдалы әрі керек болады. Мұнда жас бүлдіршіндер келсе, мұражайдағы сияқты көп мағлұмат ала алады», - қалалық №76 мектеп директоры Сапура Сейдуалиқызы.

Оқушылар ескерткіштермен арнайы көзілдірік арқылы танысады

Орталықтың ашылуына келген балалар заманауи технологиялар арқылы тарих беттерімен танысу өте қызық екенін айтты.

«Бұл орталықтың ашылуы Оқушылар сарайы үшін де, біз сиқяты балалар үшін де өте маңызды. Өйткені көп пайдалы мағлұмат аламыз. Ақпарат екі тілде беріледі. Виртуалды орталықта балалар еркін отырып, жаңа технологиялар арқылы тарихи орындармен, ескерткештермен танысып, көре алады. Әр тақырып бойынша виртауалды түрде егжей-тегжейлі танымдық ақпарат алу, біз үшін өте қызықты», - дейді № 30 мектептің 7 сынып оқушысы, "Айбала" журналының жас тілшісі Дінмұхаммед Бимендин.

Орталықтың ашылуына орай Оқушылар сарайында көрме ұйымдастырылды.

Оқушылар ескерткіштермен арнайы көзілдірік арқылы танысады

«Оқушылар сарайында мерекеге орай «Ұлы дала қырандары» көрмесі өтуде. Оған бейнелеу өнері бөлімінің керамика, ағаш ою, сәндік-қолданбалы өнер, бейнелеу өнері үйірмелерінің оқушылары қатысып, шеберлік сағаттарын өткізуде. Көрмеге 100-ден аса оқушы қатысып, өз өнерлерін көрсетті» , - дейді «Бейнелеу өнері» бөлімнің жетекшісі Гүлнар Смағұлова.

Оқушылар ескерткіштермен арнайы көзілдірік арқылы танысады

Шара соңында Оқушылар сарайы тәрбиеленушілерінің қатысуымен мерекелік концерт өтті. Ал ертең «Ұлы дала ұрпақтары» атты мұзды шоу өтеді.

Өзгелердің жаңалығы