18 жыл бұрын Нью-Йоркте террорлық әрекет болды

11 Қыркүйек 2019, 18:41
5466
Бөлісу:
18 жыл бұрын Нью-Йоркте террорлық әрекет болды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда 2001 жылғы 11 қыркүйектегі террорлық әрекеттің барлық құрбандарын және Жанетта Цойды еске алды. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгін бүкіл өркениетті әлем бұрын соңды болмаған 2001 жылғы 11 қыркүйекте «Аль-Каида» ланкестік жанкештілері Нью-Йоркте ұйымдастырған террорлық шабуылдарының құрбандарын еске алуда.

photo6038470963454126483.jpg

«Бұл күні Нью-Йоркте екі Boeing 767 жолаушылар ұшағы егіз мұнаралы 110 қабатты Дүниежүзілік сауда орталығына (ДСО) соғылды, үшінші Boeing 757 ұшағы Вашингтондағы АҚШ Қорғаныс министрлігінің ғимаратына құлады, ал төртінші Boeing 757 ұшағы Питсбург қаласынан 80 миль қашықтықта құлады. Ланкестік жанкештілер ұрлаған ұшақтар American Airlines және United Airlines авиакомпанияларына тиесілі болған», - деп хабарлады СІМ-де.

Террорлық шабуылдан қаза тапқан үш мыңға жуық құрбандардың ішінде қазақстандық Жанетта Цой да бар. «Марш» халықаралық компаниясының қазақстандық филиалында мансабы өте жақсы дамып келе жатқан алматылық қыз грин-карта алғаннан кейін Нью-Йорктегі бас кеңсеге ауыстырылған болатын.

Министрліктің мәліметінше, кәсіби мансабының жаңа деңгейіне көтерілген оған басшылықтың Дүниежүзілік сауда орталығының жаңа кеңсесінде жұмысқа мерзімінен бұрын барудан бас тартуына мүмкіндік бермеді. Бұл шешім Жанетта үшін қауіпті болды: 2001 жылдың 11 қыркүйегі оның АҚШ-тағы екінші жұмыс күні және өміріндегі соңғы жұмыс күні болды.

Бүгінде АҚШ-та Патриот күні және Құлшылық күнінде 11 қыркүйектегі оқиғаны еске алатын күйеуі мен қызы қалды. Қазақстанда да жерлестері өз отандасын қайғырып еске алады.

«Осы күні Нью-Йорктегі біздің отандастарымыз Жанетта Цойдың есімі жазылған «11 Қыркүйек» мемориалына гүл шоқтарын қояды. 2015 жылы мемориалға барған Тұңғыш Президентіміз - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев трагедия құрбандарын еске алды», - делінген хабарламада.

photo6038734558481983939.jpg

11 қыркүйектегі террорлық әрекет лаңкестікке қарсы күресте халықаралық ынтымақтастыққа елеулі әсер етіп, оны жаһандық деңгейге шығарды. Халықаралық терроризмге қарсы ынтымақтастықтың құқықтық базасы айтарлықтай пысықталып, 2001 жылғы 28 қыркүйектегі БҰҰ ҚК «Террористік әрекеттермен жасалатын халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке төнетін қауіп туралы» 1373 қарары қабылданды. Аталған құжатқа сәйкес, осы беделді халықаралық ұйымға кіретін барлық елдер өз аумақтарында террорлық іс-қимылдарға тосқауыл қоюға міндетті. 2002 жылғы 10 сәуірде 1999 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес туралы халықаралық конвенция күшіне енді.

2001 жылдың 11 қыркүйегінен кейін лаңкестікке қарсы күрестегі БҰҰ-мен ынтымақтастықты Қаржылық теріс қылықтарға қарсы күрес жөніндегі халықаралық топ (ФАТФ) жандандырды. Аталған қағидаға сәйкес, 2001 жылғы қазанда терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес бойынша 8 қағида (ұсынымдар) қабылданды.

Бұдан басқа, 2001 жылғы желтоқсаннан бастап Еуропалық Одақ жыл сайын террористік ұйымдардың қара тізімін жариялайды, бұл олардың есеп-шоттарын ЕО елдерінің аумағында тоқтатуға мүмкіндік береді, ал тізімде көрсетілген адамдар терроризмге қатысы бар деген айып бойынша қамауға алынады. Бұл тізім БҰҰ ҚК мен АҚШ Мемлекеттік департаментінің құжаттарын толықтырды.

Өзгелердің жаңалығы