Бас жаңалықтар
Нью-Йорк, Токио мен Шанхайға тікелей әуе рейстері ашылады
05 Ақпан 2019, 13:35 809

Нью-Йорк, Токио мен Шанхайға тікелей әуе рейстері ашылады

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбек 4 ірі бағыт бойынша жаңа рейстердің іске қосылатынын айтты.

«Биыл министрлік «Эйр Астана» әуе компаниясымен бірлесіп, Жапония, АҚШ (Нью-Йорк), Шанхай (Қытай) мен әлемнің басқа ірі қалаларына әуе бағыттарын ашу бойынша шаралар қабылдайды. Қазір Токиомен келісімге қол қойылды. Жапониямен әуе қатынасы туралы үкіметаралық келісімге қол қою бойынша жоба әзірленді. Біз төрт ірі бағыт бойынша рейстер ашамыз деп жоспарлап отырмыз», - деді Үкімет отырысы барысында Жеңіс Қасымбек 

Бұған дейін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ пен Жапонияға рейстер ашу қажет деген болатын.
Қымбат Елтайқызы

Сізден жаңалық