Нысана көздеу. Еліміз құрамасы чемпион атанды

13 Қыркүйек 2021, 22:56
8134
Бөлісу:
Нысана көздеу. Еліміз құрамасы чемпион атанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан ерлер құрамасы нысана көздеуден Азия чемпионы атанды. Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл күндері Шымкентте нысана көздеуден Азия чемпионаты өтіп жатыр.

Бүгін, 13 қыркүйек күні пневматикалық қару бойынша командалық сын өз мәресіне жетті. Нәтижесінде құрамында Эльдар Иманқұлов, Исаченко Владимир және Рахимжан Валерий бар Қазақстан пневматикалық тапаншада 10 м жаттығуы бойынша үздік атанды - делінген хабарламада.

Екінші орынға Сауд Арабиясы жайғасса, Қырғызстан құрамасы үшінші орынға иелік етті.

Өзгелердің жаңалығы