Нығматулиннің екі орынбасары сайланды

15 Қаңтар 2021, 13:03
2070
Бөлісу:
Нығматулиннің екі орынбасары сайланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Парламентінің бірінші сессиясында Мәжіліс төрағасы болып Нұрлан Нығматулин сайланды. Сайланған Мәжіліс төрағасы өзінің орынбасарларын сайлады. 

Төрағаның орынбасары болып Балайым Кесебаева сайланды. 

Ол 1966 жылы бұрынғы Шымкент облысы Киров ауданы Жамбыл колхозында туған. Талдықорған заң техникумын, әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің бакалавриатын бітірген. 2016 жылғы 24 наурыздан – алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясының тізімі бойынша сайланған, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі.

«Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалімен, «Ерен еңбегі үшін», «Әділет органдары жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» медальдарымен және «Әділет органдары жүйесінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталған.

Қазақ және орыс тілдерін меңгерген. Отбасылы, екі баланың анасы.

Мәжіліс төрағасының тағы бір орынбасары болып Мәжіліс депутаты Павел Казанцев сайланды.

Өзгелердің жаңалығы