Нығматулин: Жеңіс күні-асқақ рух пен өшпес ерліктің мерекесі

9 Мамыр 2021, 12:30
1056
Бөлісу:
Нығматулин: Жеңіс күні-асқақ рух пен өшпес ерліктің мерекесі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Екінші Дүниежүзілік соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне майдандағы жеңістері үшін алғыс білдіріп, ерлік пен батырлықтың үлгісіне айналған 9 мамыр - Жеңіс күнімен құттықтады.

Қазақстандықтарды Ұлы Жеңіс күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мейрам - ерен ерліктің, асқақ рухтың және қаһармандық пен қайсарлықтың, батылдық пен бірліктің символы. 

Осыған орай, болашақ ұрпағына бақыт сыйлап, майдан даласында ерлік танытқан және тылда қажырлы еңбек еткен ардагерлерімізге бас иіп, тағзым етеміз. Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев әрқашан соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне қолдау көрсетіп, майдандағы жауынгерлердің ерлігі туралы мәңгі есте сақтауға ерекше көңіл бөледі. 

Сондықтан да, біздің әрқайсымыздың қасиетті парызымыз - ұлы құндылықтар - бейбітшілік пен келісімді сақтау және нығайту, - деді Мәжіліс төрағасы. 

Сонымен қатар Нұрлан Нығматулин елімізге тыныштық, барша халыққа зор денсаулық, мол бақыт, бейбіт өмір тіледі.  

Өзгелердің жаңалығы