Нығматулин тендер ұтып алып, сапасыз жұмыс тапсыратын мердігерлермен қалай күресу керектігін айтты

20 Қазан 2021, 13:14
1575
Бөлісу:
Нығматулин тендер ұтып алып, сапасыз жұмыс тапсыратын мердігерлермен қалай күресу керектігін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин айтты. Сондай-ақ ол бюджет қаражатын тиімді пайдалану мәселелерін көтерді.

Сонымен қатар бюджеттік инвестициялар мен орташа мерзімді бюджеттік жоспарлау туралы сөз қозғалды.

Мердігерлер төмен бағамен тендер ұтып алып, қаржыландырудың ұзаққа созылғанын пайдаланып, түрлі сылтаулармен ЖСҚ түзетеді. Әдетте қаржыны ұлғайтып алады. Нәтижесінде уақытында іске қосылмаған, қымбат әрі сапасыз нысанды береді, - деп атап өтті Мәжіліс спикері.

Оның айтуынша, бюджеттік инвестицияларды жоспарлау ережелеріне өзгеріс енгізетін уақыт келді. Ол үшін жобаны іріктеу тәртібін, олардың ЖСҚ әзірлеу мерзімін, жобаны қаржыландырудың жүйелі кестесін нақты реттеп алу қажет деп отыр.

Сол кезде ғана біз құрылыстың қазіргідей бірінші жылы ғана іске қосылып жатқан емес, бюджеттік инвестициялардың сапалы ораташа мерзімді жоспарына қол жеткізе аламыз, - деді Нұрлан Нығматулин.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мәжілісте алдағы үш жылға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасы мақұлданғаны туралы жазған болатынбыз.



Өзгелердің жаңалығы