Нығматулин мен Пак Бен Сок парламентаралық ынтымақтастықты дамыту жайында пікір алмасты

14 Мамыр 2021, 10:32
846
Бөлісу:
Нығматулин мен Пак Бен Сок парламентаралық ынтымақтастықты  дамыту жайында пікір алмасты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының төрағасы Пак Бен Сокпен кездесті.

Пандемия жағдайына байланысты онлайн форматта өткен кездесу барысында тараптар барлық сала бойынша екіжақты қарым-қатынасты, соның ішінде, парламентаралық ынтымақтастықты  дамыту жайында пікір алмасты.

Сондай-ақ, Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси реформа туралы кеңінен әңгіме қозғалды. Мәжіліс төрағасы Корея Қазақстанның Шығыс Азиядағы маңызды стратегиялық әріптестерінің бірі екенін алға тарта келіп, саяси, сауда-экономикалық саладағы жетістіктерге тоқталды. 

Нұрлан Нығматулин атап өткендей, дипломатиялық қатынас орнаған 29 жылдың ішінде Нұр-Сұлтан мен Сеул арасында қарқынды саяси диалог орнап, екі ел қатынасын тереңдетудің берік іргетасы қаланды. 

Палата спикерінің айтуынша, бұл жолда Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлі зор. Бүгінде қалыптасқан стратегиялық әріптестік Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жалғастыруымен одан әрі нығайып келеді. 

Өз кезегінде Пак Бен Сок мырза Қазақстанды өзінің даму жолын ұсынған үлгілі мемлекет ретінде әлемге танылғанын алға тарта келіп, екі ел арасындағы жоғары деңгейдегі ықпалдастық қарым-қатынастарды растай отырып, алдағы уақытта дәстүрлі кездесулер мен іс шараларды белсенді жалғастыру керектігін атап өтті. Кездесу иелерінің пікірінше, осындай кездесулер Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы өзара сенімді, әріптестікті дамытуға ықпал етеді.

Өзгелердің жаңалығы