Нығматулин: Мәжіліс коллектор қызметіне қатысты заң жобасын қарайды

4 Желтоқсан 2020, 17:27
1234
Бөлісу:
Нығматулин: Мәжіліс коллектор қызметіне қатысты заң жобасын қарайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палата Бюросы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

Депутаттар қарауына бірінші оқылымда микроқаржылық және коллекторлық қызметті реттеу мәселелеріне қатысты заң жобасы ұсынылды.         

Сонымен қатар ратификацияланатын заң жобалары да қарастырылған. Олар: Қазақстан Үкіметі мен Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЕСКО) арасындағы ЮНЕСКО аясында мәдениеттерді жақындастыру халықаралық орталығын құру туралы, сондай-ақ Қазақстан мен Грузия арасындағы халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімдер бар, - делінген хабарламада.

Екінші оқылымда депутаттар техникалық реттеу және жол жүрісіне қарасты заң жобаларын талқыламақ.

Нығматулин: Мәжіліс коллектор қызметіне қатысты заң жобасын қарайды

Алдағы жалпы отырыста дене шынықтыру мен спортқа қатысты заңнамалық жаңалықтарды талқылау жоспарлануда.

Күн тәртібінің жобасында мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктерді қайта бөлу және отбасылық және гендерлік саясат мәселелеріне қатысты заң жобаларымен жұмысты жалғастыру ұсынылды.

Сонымен қатар Мәжіліс Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің темекі өнімдеріне акциздер саласындағы салық саясатын жүргізу қағидаттары туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын жұмысқа алады.


Өзгелердің жаңалығы