Бас жаңалықтар
Нығматулин ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы кеңесінің отырысына қатысты
20 Мамыр 2019, 15:25 235

Нығматулин ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы кеңесінің отырысына қатысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Парламенттік дипломатия бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуға жол ашады. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Бішкекте өтіп жатқан ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы Кеңесінің көшпелі отырысында сөз сөйледі.   

Парламент Мәжілісі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қырғызстан астанасына Ұйымға қатысушы-мемлекеттер Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан Парламенттерімен қатар, ҰҚШҰ ПА бақылаушы мәртебесіне ие Ауғанстан мен Сербия елдері өкілдері жиналды. 

Жиынға қатысушылар ұйымның аймақтық қауіпсіздік саласы бойынша сұрақтарды талқылап, алдағы іс-қимыл жоспарларды ортаға салды.
Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлін алға тарта келіп, еліміздің бейбітшілік пен қауіпсіздік жолындағы бастамаларына тоқталды. Мәжіліс спикерінің пікірінше, қауіпсіздікті нығайтуда парламенттік дипломатияның рөлі зор. 

Нұрлан Нығматулин 23-24 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында «Үлкен Еуразия. Диалог. Сенім. Әріптестік» тақырыбында өтетін Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің IV кеңесі бүкіл еуразиялық кеңістік игілігі мен тұрақты даму мүддесі жолындағы көп қырлы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша тиімді тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. 

"Аталған форум Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еуразиялық идеясының 25 жылдығына арналған. Өздеріңізге белгілі, «еуразиялық интеграция» идеясын алғаш рет Нұрсұлтан Әбішұлы 1994 жылы ММУ қабырғасында жариялаған болатын", - деді Мәжіліс спикері. 

ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының Кеңесінде халықаралық ынтымақтастық және саяси мәселе жөніндегі ҰҚШҰ ПА тұрақты комиссиясы төрағасы мен төраға орынбасарының кандидатурасы бекітілді. 

Қатысушылар 2019 жылы ҰҚШҰ Қырғызстанның төрағалығы бойынша басымдықтарды жүзеге асыруға арналған ақпараттарды тыңдады.
Сонымен бірге, Кеңес ҰҚШҰ ПА кезекті жазғы сессиясына ҰҚШҰ мемлекеттері парламенттік делегацияларының қатысу бойынша міндеттерді анықтады. Сондай-ақ, 2019 жылға арналған жұмыс жоспарлары пысықталды. 


Фото: дереккөз

Сізден жаңалық