Нығматулин әйелдер қауымын 8 наурыз мерекесімен құттықтады

8 Наурыз 2021, 14:16
1619
Бөлісу:
Нығматулин әйелдер қауымын 8 наурыз мерекесімен құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин еліміздегі барлық ардақты аналар мен аруларды көктем мезгілігінің ең жарқын, мерейлі мейрамы 8 наурыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.

Мерекелік құттықтауын өзінің Twitter-дегі парақшасында жариялады.

Барша Қазақстан әйелдер қауымын 8 наурыз мерекесімен құттықтаймын! Біздің қоғамда әйел азаматтар отбасының ғана емес, мемлекетіміздің берекесі, мерейі. Сондықтан, айтулы мерекеде абзал аналар мен аяулы аруларға зор денсаулық, мол бақыт, қуаныш, шаттық тілеймін!, - деп жазды Н. Нығматулин.

Сондай-ақ, Мәжіліс төрағасы қазақстандық әйелдердің жоғары кәсіби қасиеттерімен қатар, әрдайым нәзіктіктерімен  ерекшеленетінін атап өтті.

Нұрлан Нығматулиннің айтуынша, әйелдер қауымы шаңырағының ұйытқысы болып, өскелең ұрпақты отбасылық құндылықтарды құрметтеу рухында тәрбиелеп, еліміздің дамуына, ең алдымен, қазақстандықтардың әлеуметтік әл-ауқатын жақсарту үшін қажетті заңдардың қабылдануына зор үлес қосуда. Сонымен қатар, Мәжіліс Спикері ел басшылығының еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі әйелдердің рөлін арттыруға, ана мен баланы қолдауға аса маңызды бағыттардың бірі ретінде ерекше көңіл бөлетініне назар аударды. 

Барлық әйелдерге көктемгі көтеріңкі көңіл-күй, мықты денсаулық, амандық және барлық бастамаларына табыс тілеймін!, – деді Нұрлан Нығматулин. 



Өзгелердің жаңалығы