Бас жаңалықтар
Нығматулиннің төрағалығымен алдағы жалпы отырыстың мәселелері анықталды
08 Қараша 2019, 13:33 289

Нығматулиннің төрағалығымен алдағы жалпы отырыстың мәселелері анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс cпикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палатаның Бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

Алдағы сәрсенбіде Мәжіліс депутаттары ЕАЭО мүше мемлекеттердің қаржы нарығы саласындағы заңнамасын үйлестіру туралы келісімді ратификациялауға қатысты заң жобасын қарайды. Бұл келісім қызмет көрсету секторларында бағалы қағаздар нарығындағы қызмет түрлерін жүзеге асыруға арналған лицензияларды өзара тануды қамтамасыз ету үшін жадайлар жасайды.

Сондай-ақ жалпы отырыста, міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы және оған ілеспе заң жобалары екінші оқылымда қаралады деп күтілуде. Ал жұмысқа қабылданатын заң жобалары қатарында мамандандырылған мекемелердің артықшылықтары мен иммунитеттері туралы конвенцияны, сонымен қатар, тұншықтыратын, улы немесе басқа да ұқсас газдар мен бактериологиялық құралдарды соғыста қолдануға тыйым салу туралы хаттаманы, 1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы екінші хаттаманы, 2002 жылғы 7 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымының Жарғысына өзгерістер енгізу туралы екінші хаттаманы, 2002 жылғы 7 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымының Жарғысына өзгерістер енгізу туралы үшінші хаттаманы, 2002 жылғы 7 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымының құқықтық мәртебесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы екінші хаттаманы ратификациялауға қатысты құжаттарды айрықша атап өтуге болады.


Фото: дереккөз
Загрузка...