Нығматулин жоқта қоқысты өртейтін заң жобасы қабылданып кетті

24 Маусым 2020, 14:43
1168
Бөлісу:
Нығматулин жоқта қоқысты өртейтін заң жобасы қабылданып кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында қатты қалдықтарды өртеу арқылы электр энергиясын алуды көздейтін заң жобасын екінші оқылымда мақұлданды.

Заң жобасының мақсаты – қатты тұрмыстық қалдықтарды өртеу жолымен қайта өңдеп, кейіннен электр энергиясын алу үшін құқықтық база құру.

Заң жобасын бірінші оқылымда талқылаған кезде айтылғандай, ол қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату үшін құқықтық база қалыптастыру мақсатында әзірленді. Құжат тұрмыстық қатты қалдықтарды термиялық жолмен өңдеу арқылы электр энергиясын алуды көздейді. Бұл процестер экологиялық және экономикалық оң нәтиже алуға ықпал ететін болады, - дейді депутат Шавкат Өтемісов. 

Заң жобасын екінші оқылымға дайындау барысында құқықтық олқылықтар мен құқық қолдануда туындайтын қайшылықтарды болдырмауға, сондай-ақ, нормалардың редакциясын жақсартуға және оларды заң техникасының талаптарына сәйкес келтіруге бағытталған бірқатар түзету қабылданған.

Мәжіліс депутаттары заң жобасын бірауыздан мақұлдап, Сенаттың қарауына жіберді.

 17 маусымдағы отырыста Мәжіліс депутаты Құралай Қаракен жыл сайын елімізде шамамен 5 млн тонна қалдық пайда болады. Олардың тек 15 пайызы қайта өңделеді. Қазір осы міндетті іске асыру үшін бүкіл әлемде қоқыс жағатын кешендер жұмыс істейді деген болатын.
Өзгелердің жаңалығы