Нығматулин Молдова парламентінің төрайымымен кездесті

22 Қыркүйек 2019, 14:21
1088
Бөлісу:
Нығматулин Молдова парламентінің төрайымымен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин қыркүйектің 24-жұлдызында Нұр-Сұлтан қаласында басталатын Еуразия елдері Парламенттері спикерлерінің 4-кеңесіне қатысуға келген Молдова Республикасы парламентінің төрайымы Зинаида Гречаный бастаған делегациямен кездесті.

Тараптар екіжақты, соның ішінде парламентаралық ынтымақтастықты дамытудың өзекті мәселелерін талқылады. Нұрлан Нығматулиннің айтуынша, елдеріміз арасында саяси диалог, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық қатынастар қарқынды дамып келеді. Кездесу иелері екі елдің әріптестігін күшейтуде Парламенттер рөлінің зор екенін айтты.

Молдова Парламентінің төрайымы ынтымақтастық жөніндегі топтар мен бейінді комитеттер арқылы Қазақстанмен парламентаралық байланыстарды нығайтуға ынталы екенін жеткізді. 

Мәжіліс төрағасы, елдер парламенттерімен қатар, ТМД ПА, ЕҚЫҰ ПА басқа да халықаралық парламенттік ұйымдармен белсенді іс қимылдың қажеттілігін атап өтті. Кездесу соңында мәртебелі мейман арнайы шақыру үшін алғысын білдірді.


Өзгелердің жаңалығы