Нығматулин: Халық мәселелерін жүйелі шешу депутаттар назарында

18 Қазан 2019, 18:20
2275
Бөлісу:
Нығматулин: Халық мәселелерін жүйелі шешу депутаттар назарында

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Палата cпикері, Nur Otan партиясының парламенттік фракциясының жетекшісі Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжіліс Бюросы өтті. Бюро отырысында Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы, Nur Otan партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Фракция мен Үкімет мүшелерінің қатысуымен өткен жиында берген тапсырмалары талқыланды.

Мәжілістің баспасөз қызметнің хабарлауынша, Нұрлан Нығматулин партияның сайлауалды тұғырнамасының, Ұлт Жоспарының және барлық мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын қатаң бақылауда ұстауды жалғастыру сияқты Елбасының тапсырмаларына назар аударды. Сонымен қатар көшпелі отырыстардың сапасын жақсарту, халықпен кері байланысты күшейту міндеттерін атап өтті.

Мәжіліс төрағасы депутаттардың аймақтардағы халықпен кездесуі ресми болмай, көтерілетін барлық жүйелік мәселелер мұқият зерттеліп, қажет болған жағдайда Үкіметке жіберу керектігіне тоқталды. Заңнамалық шаралар қажет болса, тиісті түзетулер енгізетінін, жалпы Елбасының азаматтарға жақын болу туралы тапсырмаларына ерекше мән берді.

Аталған басымдықтардың негізінде алдағы жалпы отырыстың күн тәртібінің жобасы жасалды. Палатаның талқылауына қаржылық заң жобалары енгізілуде. Бұл, ең алдымен, 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджеттің жобасы.

Еліміздің басты қаржылық құжаты Тұңғыш президенттің "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Қазақстан халқына Жолдауындағы тапсырмаларын, Nur Otan партиясының XVIII съезінде айтылған Елбасының бастамалары, бес жаңа әлеуметтік бастама және Қазақстанның Президентінің сайлауалды "Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу" сайлауалды бағдарламасын іске асыруға бағытталған.

Атап айтқанда, мұғалімнің мәртебесін көтеруге, елді-мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге, жергілікті жолдарды дамытуға, газдандыруға және т.б. шығындарды қарастырады.

Сонымен қатар, "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2020 - 2022 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" және "Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы 2020 - 2022 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы" заң жобалары бар.

Өзгелердің жаңалығы