Бас жаңалықтар
Нығматулин Австрия елшісін қабылдады
01 Ақпан 2019, 14:30 993

Нығматулин Австрия елшісін қабылдады

Астана, BAQ.KZ. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Австрияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Герхар Сайллерді қабылдады.

Палатаның баспасөз қызметінен хабарлағандай, тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықты, соның ішінде, аустриялық-қазақстандық қатынасты дамытудың өзекті сұрақтарын талқылады.

Мәжіліс спикеріАустрия Қазақстанның маңызды стратегиялық әріптесі екенін сөз ете келіп, Астана мен Вена арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі тереңдетудің маңыздылығына тоқталды.

«Дипломатиялық қатынас орнаған 27 жылдың ішінде, екі елге ортақ сенімді саяси дилог пен берік экономикалық байланыс орнады. Оған Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Австрия Фендералдық Президенті Хайнц Фишердің ресми сапарлары зор серпін берді», - деді Нығматулин.

Палата спикерінің пікірінше, Австрия бүгінде «жасыл» технология бойынша әлемдік жетекші елдердің бірі болып саналады. Қазіргі уақытта Қазақстанда аустриялық капиталдың қатысуымен 150-ге жуық компания жұмыс істейді. Осы жолда біздің еліміз энергетика, жаңа технология саласында ықпалдастықты дамытуға ынталы.

Кездесу барысында тараптар, бейінді комитеттер мен парламентаралық топтар шеңберінде іс-сапарлар арқылы заңнамалық тәжірибе алмасуды одан әрі ынталандыру төңірегінде пікір алмасты.

Сізден жаңалық