Нұртілеу аға төл журналистикамызды дамытуға өлшеусіз үлес қосқан тұлға болды – Абаев

17 Ақпан 2021, 10:56
1661
Бөлісу:
Нұртілеу аға төл журналистикамызды дамытуға өлшеусіз үлес қосқан тұлға болды – Абаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін қазақ телевизиясы ауыр қайғыға душар болды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.

Еліміздің құрметті журналисті, белгілі тележүргізуші, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Нұртілеу Иманғалиұлы дүниеден озды. Бұл қаралы хабар баршамызға ауыр тиді.

Нұртілеу ағамыз өзіндік өрнегімен, қайталанбас шеберлігімен қалың көрерменнің сүйіспеншілігіне бөленген ардагер журналист еді. Ол ақпарат саласында бірқатар лауазымды қызметтерді абыроймен атқарған майталман менеджер, көптеген шәкірт тәрбиелеген ұлағатты ұстаз, төл журналистикамызды дамытуға өлшеусіз үлес қосқан тұлға болды. Нұртілеу Иманғалиұлының ісі қазақ телевизиясында одан әрі жасай береріне сенімдімін.

Нұртілеу ағамыздың жақындары мен туыстарына ауыр қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Марқұмның алды пейіш, арты кеніш болсын.

Өзгелердің жаңалығы