Нұртас Әжбенов кәсіби бокста кезекті жеңіске жетті

2 Наурыз 2019, 15:51
2561
Бөлісу:
Нұртас Әжбенов кәсіби бокста кезекті жеңіске жетті

Астана, BAQ.KZ. Қазақстандық боксшы Нұртас Әжбенов кәсіби мансабындағы төртінші кездесуде жеңіске жетті. Бұл жөнінде Vesti.kz порталы хабарлады.

Кездесу Кардифф қаласындағы Vale Sports Arena алаңында өтті. Әжбеновтың қарсыласы ұлыбритиялық боксшы Крис Адавей болды. Нәтижесінде қазақстандық спортшы төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Бұл қазақстандық боксшы үшін кәсіби мансабындағы алғашқы алты раундтық жекпе-жек болды.

24 жастағы Әжбенов төрт кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетсе, соның ішінде, біреуі мерзімінен бұрын аяқтады. 25 жастағы ұлыбританиялық боксшы мансабында 51-ші рет жеңіліс тапты. Сондай-ақ, оның есебінде сегіз жеңіс, тағы төрт жекпе-жек тең аяқталды.

Еске салайық, 2018 жылы маусымда Әжбенов басқа қазақстандық боксшы Сұлтан Заурбекпен бірге ұлыританиялық MTK Global-мен келісімшартқа қол қойған болатын. Бұл компания әлемнің бұрынғы екі чемпионы - Билли Джо Сондерс пен Тайсон Фьюридің мүддесін қорғайды. 2013 жылы маусымда қазақстандық Геннадий Головкиннен мерзімінен бұрын жеңілген ирландық боксшы Мэттью Маклин иелік етеді.

Өзгелердің жаңалығы