Нұрсұлтан Назарбаев сыныптастарымен кездесті

2 Сәуір 2019, 15:17
2192
Бөлісу:
Нұрсұлтан Назарбаев сыныптастарымен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Алматы облысы Қарасай ауданына барған сапарында бірге оқыған сыныптастарымен және бала кездегі достарымен кездесіп, әңгімелесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Әңгімелесу барысында ежелгі достар өздерінің естеліктерін бөлісіп, өңірдің қазіргі даму жағдайын талқылады", - делінген хабарламада.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Шамалған халқымен кездесті. 

Сондай-ақ, ол Қарасай ауданы, Шамалған кентіндегі дене шынықтыру және сауықтыру кешені құрылысының жүргізілу барысымен танысты. Нысанды салу жұмыстары аяқталуға жақын.

Өзгелердің жаңалығы