Бас жаңалықтар
Нурмагомедов Макгрегормен реванш өткізе ме?
14 Тамыз 2020, 19:39 193

Нурмагомедов Макгрегормен реванш өткізе ме?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов Конор Макгрегормен реванш өткізу мүмкіндігі туралы айтты, деп жазады Prosports.kz.

Ресейлік спортшы бұл туралы Мәскеуде өткен баспасөз мәслихатында айтты. 

Конормен екінші кездесу мені қызықтыра ма? Гэтжиден кейін, Дастин Порьені жеңген кез-келген файтермен кездесуге дайынмын. Ол Конор бола ма, Тони бола ма бәрі бір. Егер оны ешкім жеңе алмаса, Жорж Сен-Пьерді күтемін. Бұл мықты кездесу болатын еді. Өйткені, Жорж соңғы рет 2007 жылы жеңілді. Ал мен мансабымды 2008 жылы басталдым. Ол екеміздің жеңілмеген уақытымыз 25 жылды құрады. Менің ойымша, алдағы уақытта мұндай үлкен жекпе-жекті ешкім ұйымдастыра алмайтын шығар. Егер Сен-Пьер қайта оралғысы келмесе, Конор Порьені жеңсін, сосын онымен қайта кездесемін. Себебі қазір Порье басты үміткер. Мен оны жеңдім. Енді кезек Конорда, - деді Нурмагомедов.

Айта кетейік, Хабиб пен Конор арасындағы алғашқы жекпе-жек 2018 жылдың 6 қазанында өтті. Ол кездесуде ресейлік файтер жеңіске жеткен. 


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...