«Нұрлы жол» вокзалы да Ashyq арқылы жұмыс істейтін болды

15 Маусым 2021, 01:07
1229
Бөлісу:
«Нұрлы жол» вокзалы да Ashyq арқылы жұмыс істейтін болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордадағы «Нұрлы жол» вокзалы 17 маусымнан бастап Ashyq жобасы арқылы жұмыс істейді.

Құрметті «Нұрлы жол» вокзал кешенінің жолаушылары мен келушілері, коронавирус инфекциясының таралу қаупін және байланыстар санын азайту мақсатында 2021 жылдың 17 маусымынан бастап «Нұрлы жол» вокзал кешеніне Ashyq жобасы енгізілетінін хабарлаймыз. Осыған байланысты, ғимаратқа кіру үшін ұялы телефонға Ashyq қосымшасын алдын ала орнату қажет, – делінген станцияның Instagram-парақшасында. 

Айта кетейік, бұған дейін цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Ashyq қосымшасында 200 мыңнан аса вакцина алған адамға «жасыл» мәртебе берілгенін айтқан болатын.






 

Өзгелердің жаңалығы