Нұрлан Өтешев кәсіподақтардан байқаушыларды даярлау туралы айтты

18 Желтоқсан 2020, 18:01
1960
Бөлісу:
Нұрлан Өтешев кәсіподақтардан байқаушыларды даярлау туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Кәсіподақтар федерациясының байқаушыларының республикалық штабының мүшелері Nur Otan партиясы өкілімен кездесті.

Nur Otan партиясынан орталық аппарат басшысының орынбасары Арман Капесов қатысты.

Кездесу барысында тараптар алдағы Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.

Нұрлан Өтешев партия өкілін Республикалық байқаушылар штабының негізгі міндеттерімен таныстырып, кәсіподақтардан байқаушыларды даярлау жөніндегі жұмыс туралы айтты.

Оның айтуынша, кәсіподақтардан 7 мыңға жуық адам дауыс беру барысын бақылайтын болады.

Байқаушылардың көпшілігі өздерінің құқықтары, міндеттері мен функциялары түсіндірілген онлайн және оффлайн тренингтер мен семинарлар форматында қажетті дайындықтан өтті.

Нұрлан Өтешев кәсіподақтардан байқаушыларды даярлау туралы айтты

Пандемия кезінде байқаушыларға заңнамалық аспектілермен қатар сайлау учаскелерінде сақтық шаралары түсіндірілді.

Ұзақ мерзімді бақылаулар миссиясын жүзеге асыру шеңберінде республикалық және аймақтық штабтар сайлау науқаны кезіндегі жағдайдың барысын үнемі бақылауда ұстайды және талдайды.

Штаб жетекшісі Кәсіподақтар федерациясы сайлаушыларға күшпен ықпал етудің кез келген әрекетін тоқтатуға ниетті екенін атап өтті.

Бүкіл республика бойынша аймақтық штабтар еңбек ұжымдарымен және жұмыс берушілермен кездесулер өткізеді. Олардың барысында азаматтардың сайлау құқықтарының бұзылуын болдырмауға бағытталған кеңінен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Кәсіподақтардың сайлауды байқауға қатысуы кәсіподақ қозғалысының негізгі басымдықтарын - еңбек адамының құқықтары мен мүдделерін қорғауды насихаттау тұрғысынан ерекше маңызға ие. Біздің басты міндетіміз - жұмыс берушілер тарапынан қандай да бір партияның пайдасына жұмысшыларға қысым көрсетуге жол бермеу және азаматтарға өздерінің таңдау еркіндігін жүзеге асыруға мүмкіндік беру, - деді Нұрлан Өтешев.

Nut Otan партиясы орталық аппараты басшысының орынбасары Арман Капесов ҚРКФ-ның Қазақстандағы сайлау процесіне қоғамдық мониторинг жүргізу туралы бастамасын жоғары бағалады.

Өзгелердің жаңалығы