Бекзат Нұрдәулетовке екі бөлмелі пәтердің кілті табысталды

24 Қыркүйек 2019, 14:49
2205
Бөлісу:
Бекзат Нұрдәулетовке екі бөлмелі пәтердің кілті табысталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Тұрымов бокстан әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетовке Ақтау қаласынан 2 бөлмелі пәтердің кілтін табыс етті. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

«Бүгін аймақ басшысы Серікбай Тұрымов бокстан әлем чемпионы атағын алып, қазақ елінің абыройын дүние жүзіне асқақтатқан Бекзат Нұрдәулетовті және оның бапкерлерін қабылдады. Жиын кезінде облыс әкімі ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғыс хатын оқып, құттықтауын жеткізді. Өңір басшысы Бекзат Нұрдәулетовке сәттілік тілей отырып, Ақтау қаласынан екі бөлмелі пәтердің кілтін табыстады. Сондай-ақ, бапкерлерінің қосқан зор үлесін айрықша атап өтіп, Бекзатты кішкентай күнінен тәрбиелеген Жаңаөзен қаласындағы жаттықтырушысы Батырбек Жайлыбаевқа 3 миллион теңгелік сертификатты табыстады. Ал осыған дейін әлем чемпионы атанған Ердос Жаңабергенов, екі дүркін олимпиаданың күміс жүлдегері атанған Әділбек Ниязымбетов сынды оғыландарды тәрбиелеген, Екатеринбург қаласында өткен додаға Бекзатты дайындаған қазіргі бапкері Марат Жәкиевке үлкен алғысын білдіре отырып, 5 миллион теңгенің сертификатын сыйлады», - деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Айта кетейік, Бекзат Нұрдәулетов Ресейдің Екатеринбург қаласында өткен бокстан әлем чемпионатында 81 келіде чемпион атанды. Ол осы чемпионатта алтын жеңіп алған жалғыз қазақстандық боксшы.

Әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов алдағы жоспарларымен бөлісті.

Өзгелердің жаңалығы