Бас жаңалықтар
Нұрдәулетов Токиодағы жеңілісінен кейін жанкүйерлеріне үндеу жасады
30 Шілде 2021, 15:06 387

Нұрдәулетов Токиодағы жеңілісінен кейін жанкүйерлеріне үндеу жасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бокстан әлем чемпионы Бекзад Нұрдәулетов Токиодағы жеңілісінен соң жанкүйерлерге жазба арнады. 

Бұл туралы olympic.kz хабарлады.
Алға қойған мақсатымызға жете алмадық. Бәрі біз ойлағандай бола бермейді. Бокстағы 13 жылдың ішінде қаншама еңбек, тер, жарақаттар мен қан кетті, осының бәрі сол бала кездегі Бекзадтың арманынан басталған болатын. Қандай жағдай болмасада қасымда табылатын отбасыма, бауырларыма, жақындарыма және шын жанашыр жандарға алғыс айтамын! Нелер келіп, не кетпес ер жігіттің басына, - деп жазды Бекзад. 
Айта кетсек, Токио Олимпиадасының алғашқы айналымында Бекзад Нұрдәулетов ресейлік Имам Хатаевқа жол берді. 



Фото: дереккөз
Загрузка...