Нұр-Сұлтаннан Жидебайға дейін. Алғашқы күн

10 Маусым 2021, 21:25
3143
Бөлісу:
Нұр-Сұлтаннан Жидебайға дейін. Алғашқы күн

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Нұр-Сұлтаннан Жидебайға дейін баратын салт аттылар сапарының алғашқы күні аяқталды. 

Бас-аяғы 20 күнде жүріп өтуді мақсат еткен 1000 шақырымның алғашқы 50 шақырымы Бозоқ қалашығының жұртынан Сарыоба көлінің жағасына дейін жалғасты. 

Сапардың алғашқы күнінде салт аттылардың қатарында кімдер болғанын бір таныстырып өтейік. 

Сапардың ұйымдастырушысы әрі көшбасшысы — Ұлттық Ат туризм федерациясының президенті Берік Ақылбеков. 

Сапардың менеджері — әдебиетші, тіл жанашыры Дидар Оралбек. 

Сапар ақсақалы — Таңжарық Керімқұлов.

Сапар ақыны — Мерген Тоқсанбай. 

Сапар операторы — Бақтияр Серікбаев. 

Сапар дәрігері — остеопат Қайрат Әділкешов. 

Сапардың жолбасшысы — журналист Ержан Жаубай. 

Нұр-Сұлтаннан Жидебайға дейін. Алғашқы күн

Алғашқы күні сапар қонағы — ф.ғ.к, мәскеулік Сергей Корносенков қатарымызға қосылып үлгермеді. Алайда ол екі күннен кейін Бұйратау ҰТП-те қосылатын болды. 

Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облысы қатарлы төрт өңірдің аумағын қамтитын сапар мақсаты жайлы бұған дейін жазғанбыз. 

Нұр-Сұлтаннан Жидебайға дейін. Алғашқы күн

Бүгінгі жүріс барысында айтарлықтай жаңалық болған жоқ. Аттар да алыс жолдың алдында ет қыздырып, тұяқ төселтті. Ертең таңғы сағат 6-да Сарыоба — Олжабай батыр бағытында жолға шығамыз, әзірге кешкі салқынмен аттарды жайылымға қойып, кешкі астың қамына кірістік. 

Нұр-Сұлтаннан Жидебайға дейін. Алғашқы күн

Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтан қаласы маңындағы Бозоқ қалашығының жұртынан ШҚО Жидебайға дейін 1000 шақырымдық салт аттылар сапары басталғаны туралы бұған дейін де хабарлаған болатынбыз. 

Сапардың бас ақпараттық демеушісі BAQ.KZ ақпарат агенттігі.


Өзгелердің жаңалығы