Нұр-Сұлтаннан Жидебайға дейін: Салт аттылар мың шақырымдық экспедицияға аттанды

10 Маусым 2021, 13:05
2801
Бөлісу:
Нұр-Сұлтаннан Жидебайға дейін: Салт аттылар мың шақырымдық экспедицияға аттанды
PHOTO
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Ұлттық ат туризм федерациясының ұйымдастыруымен салт аттылардың көпкүндік экспедициясы басталды. Бұл жақында ғана ашылған Ұлттық ат туризм федерациясының тұсаукесер сапары болмақ.

Экспедицияның салтанатты ашылуы рәсімі Ақмола облысының аумағындағы Бозоқ қалашығында өтті. Экспедицияға ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, ҚР Ұлттық музейі, Бозоқ қорық-музейі қолдау көрсетіп отыр.

Нұр-Сұлтаннан Жидебайға дейін: Салт аттылар мың шақырымдық экспедицияға аттанды

Айта кетейік, экспедицияның негізгі мақсаты – еліміздегі тарихи нысандарды атпен аралау, Елбасымыздың «Атқа міну мәдениетін» насихаттау, Қазақстанда жылқы туризмін дәріптеу және еліміз жастарының тарихымызға, киелі жерлеріміз бен атқа мінуге деген қызығушылығын ояту. Сонымен қатар бұл сапар өткен жылы, яғни Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы аясында өтуді жоспарлаған болатын. Алайда әлемде коронавирус індетінің таралуына байланысты бір жылға шегерілді.

жиде1.jpeg

Сапардың басталу салатанатына министрлік өкілдері, зиялы қауым, тарихшылар, жылқытанушылар мен БАҚ өкілдері қатысады. Салт аттылар экспедициясының ашылу салтанатында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков қатысушыларға сәт-сапар тіледі.

Нұр-Сұлтаннан Жидебайға дейін: Салт аттылар мың шақырымдық экспедицияға аттанды

Қазақтың руханияты, қазақтың жан дүниесі жылқымен егіз. Біз қазақтың ұлттық руханиятын, атқа міну мәдениетін, жалпы жылқы туризмін қолдауға әрқашан дайынбыз. Жолға шығып бара жатқан салт аттылардың сапарына сәттілік тілеймін, - деп айтты комитет төрағасы.
Нұр-Сұлтаннан Жидебайға дейін: Салт аттылар мың шақырымдық экспедицияға аттанды

Маусым айының 10-ы мен 30-ы аралығына жоспарланған бұл сапар ең алыс қашықтыққа еліміз тарихында тұңғыш рет өткізіліп отыр. Нұр-Сұлтан – Жидебай бағытында 1000 шақырымды бағындыруға әуесқой салт аттылар өз бастамаларымен біріккен.

жиде2.jpeg

Атты сапардың жол басшысы, журналист Ержан Жаубай аталған іс-шараның мән-мағынасын, мақсатын түсіндіріп берді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – Қазақстанның жылқы туризмін насихаттау. Сондай-ақ Елбасының атқа міну мәдениетін насихаттау мақсатында сапарға аттанып отырмыз. Қазір сапарға шықсақ, шамамен 20 күн ішінде Жидебайға дейінгі жолды басып өтеміз деп отырмыз. Атты тур барысында 4 облыстан өтеміз. Атап айтқанда, Ақмола, Павлодар, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстары жерлерін көреміз. Оның ішінде 15-тен астам ауыл, 20-ға жуық киелі өңірлер бар, - деді ол.
Нұр-Сұлтаннан Жидебайға дейін: Салт аттылар мың шақырымдық экспедицияға аттанды

Көпкүндік сапар Нұр-Сұлтан қаласы маңындағы ежелгі Бозоқ қалашығынан бастау алып, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облысы жерлеріндегі Олжабай батыр, Едіге би, Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы, Бұқар жырау, Абай-Шәкерім кесенелері, Қоянды жәрмеңкесінің орны, Торайғыров музейі т.б. қатарлы киелі, тарихи орындарды аралайды.

жиде3.jpeg

Ұйымдастырушылардың айтуынша, экспедиция мерзімі маусым айының 10-30 аралығына (20 күнге) жоспарланған. Сапар барысында экспедиция мүшелері (15 адам) еліміздің 4 облысының 20-дан астам ауылына ат басын тірейді. Одан бөлек 15-тен астам тарихи нысанды басып өтеді. Бұл – Қазақстан тарихында алғаш рет 1000 шақырымға созылатын тарихи сапар. Экспедиция құрамында еліміздің Ақтөбе, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, ШҚО, Нұр-Сұлтан қаласының өкілдері – тарихшылар, медицина қызметкерлері, БАҚ өкілдері, ақындар болады. Сонымен қатар экспедиция қонағы ретінде Мәскеуден келген ф.ғ.к. қатысады.

Нұр-Сұлтаннан Жидебайға дейін: Салт аттылар мың шақырымдық экспедицияға аттанды

Ел тарихындағы айтулы сапарға BAQ.KZ ақпарат агенттігі, Argymaq.kz және at-travel.kz порталдары ақпараттық демеушілік жасайды.

Өзгелердің жаңалығы